Бүгін, 12 қазанда қазақстандық журналист Рашид Гарипов көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы жаңалықты әріптестері хабарлады.
Рашид Гарипов 1958 жылы 16 мамырда Башқұрт КСР-ның Октябрь қаласында дүниеге келген.
Ол Қазақстан журналистикасына 34 жылын арнады.
Әр жылдары «Вечерний Алматы», «Экспресс К», «Страна и мир», «Караван», «Известия Казахстана», «Казахстанская правда» газеттерінде және «КТК» телеарнасында жұмыс істеді.
2012 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Время» газетінде апта сайынғы шығарылымның бас редакторы болды.
2011 жылы «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған.