Қазақстан Калининградпен әуе қатынасын қайта жандандырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2021 жылдың 4 қарашасынан бастап ресейлік «Северный ветер» авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Калининград (сенбі күндері) және Алматы – Калининград (бейсенбі күндері) жаңа бағыттары бойынша Boeing-737 типті әуе кемесінде әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен тұрақты рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр», делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.
Рейстер кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатын болады.