• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2014

КХДР мен Оңтүстік Корея бауырластық туралы келіссөз жүргізді

442 рет
көрсетілді

Бүгін, КХДР мен Оңтүстік Корея арасында соңғы алты жыл ішінде алғаш рет жоғары деңгейде келіссөздер өтті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Келіссөздер Пханмунчжом шекара бекетінде өтті. Оңтүстік Корея делегациясын Ким Гю Хен үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы бастаса, КХДР тарапын бірлескен фронт басшысының орынбасары Вон Дон Ен бастап келді. Сейсенбі күні Оңтүстік Корея министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екіжақты кездесуде 1950-1953 жылдары орын алған Корей соғысы кезінде бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру жөнінде мәселе қозғалмақ. Сондай-ақ келіссөздерде мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруы талқыланады. Бұдан бұрын бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасын 20-25 ақпанда өткізу жоспарланған еді. Алайда, соңғы сәтте бұл шара кейінге қалдырылды. Бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасы алғаш рет 1985 жылы өткен болатын. Содан бергі 15 жыл ішінде мұндай шара қолға алынбапты. Ал Оңтүстік Корея мен КХДР арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер соңғы рет 2007 жылы өткізілген екен. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Ria.ru. Фото: Itar-tass.com.