• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қазан, 2021

Киевте Украина мен ЕО саммиті өтіп жатыр

169 рет
көрсетілді

12 қазан, сейсенбіде, Киевте Украина мен Еуропалық Одақтың 23-ші саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Шараға Украина президенті Владимир Зеленский, Еуропалық кеңестің басшысы Чарльз Мишель және Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен төрағалық етеді. 

Көшбасшылар Украина мен ЕО арасындағы терең және жан-жақты еркін сауда аймағы, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен салалық ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі Ассоциация туралы келісімді жүзеге асырудағы жетістіктер мен өзара іс-қимылдың келешегін талқылайды. 

Күн тәртібінде қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қарастырылады. Саммит аясында Украина мен Еуропалық Одақ арасында бірқатар келісімдерге қол қою жоспарлануда.

Саммиттің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады. Украиналық БАҚ-та бірнеше құжатқа қол қойылғаны жайлы ақпараттар жарияланып жатыр.