• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Қазан, 2021

Ауа райына байланысты үш өңірге ескерту жарияланды

674 рет
көрсетілді

Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 13 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

13 қазан күні Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.