Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басшысы Дархан Қыдырәлі Моңғолия Президентінің Жарлығымен осы мемлекеттің жоғарғы наградасы – «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды.
Қазақстанға Моңғолия делегациясын бастап келген Сыртқы қатынастар министрі Батмөнхийн Батцэцэг қазанның 11-і күні Түркі академиясында болып, халықаралық ұйымның жұмыстарымен танысқан еді. Кездесу барысында тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын бекемдеудегі Академияның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізген Батмөнхийн Батцэцэг Дархан Қыдырәліге жоғарыда аталған марапатты тапсырды.
Түгел Түркінің тарихын түгендеп, рухани ынтымақтастықтың алтын арқауын жалғап жүрген әріптесімізге құтты болсын айтамыз!