• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2014

Бұл шараның экономикаға оң ықпалы бар

228 рет
көрсетілді

Дамушы елдердің ұлттық валюталарына тән жағдай біздің ұлттық валютамызды да айналып өтпеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұлттық валютамыздың айырбас бағамын бірқалыпты деңгейде ұстаудан бас тарту, валюталық интервенция көлемін төмендету және теңгенің айырбас бағамының қалыптасу үрдісіне араласуын шектеу туралы қабылдаған шешімі кешелі бері халық арасында қызу пікірталас туғызуда. Экономиканың, оның ішінде қаржы нарығының күрт өзгеруіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 3 теңге көлемінде ауытқуын ескере отырып, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы арақатынасын 185 теңге мөлшерінде белгіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми келтірген мәліметі бойынша 2012 жылға қарағанда 2013 жылы төлем балансының профициті 5,4 есеге қысқарған. Теңге бағамын түзету туралы шешім қабылдауға бұл да өзіндік негіз болды деп айта аламыз.

Ұлттық валюта бағамының тосыннан өзгеруі, әрі «көш жүре түзеледі» дегендей, уақыт өте келе нығаюы ұзақ­мерзімді перспективада экономикаға оң ықпал жасайды. Ел Үкіметі тиісті шаралар кешенін жүзеге асырса, бұл мультипликативтік әсерге ие болады. Бұл тұрғыдан ел Үкіметінің қарап қалмай жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Ұлттық валютамыздың нығаюы өнеркәсіп өндірісінің, инвестицияның, жұмыспен қамту деңгейінің, нәтижесінде ішкі жалпы өнім мөлшерінің өсуіне әсер етеді. Себебі, бұл ең алдымен капиталдың кетуіне шектеу қояды. Ағымдағы сыртқы экономикалық конъюнктура мен макроэкономикалық жағдай үшін қалыпты құбылыс болып танылатын бұл үдеріс отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау аясында әрі алтын-валюта қорының төмендеуінің алдын алу, экспорт пен импорт алмастыратын сала кәсіпкерлері үшін өте тиімді. Кеден одағы шеңберінде отандық өндірушілерді экономикалық тұрғыдан қолдау барысында өте қажет тетік.

Маия АРЗАЕВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

қаржы кафедрасының меңгерушісі,

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.