Сәрсенбіде антициклон республиканың басым бөлігінде әсерін сақтайды, сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал.
Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады - 15-20, екпіні 23 м/с.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.