Қазақстандық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен басқамын, оны бәрі біледі. Менің стилім басқаша. Қазақ стилі - әлемдегі ең үздік стиль. 5 қарашада мен мұны көрсетемін», деп жазды боксшы өзінің Twitter парақшасында.
Еске сала кетсек, 5 қарашада Лас-Вегаста Top Rank бокс кеші аясында Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы - француз Хассан Ндам Нжикамға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Маусым айында орта салмақтағы кәсіпқой боксшы бұрынғы американдық чемпион Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңген.