«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан күндері аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 градус жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 градус жылы болатыны болжанады», делінген ақпаратта.