• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Қазан, 2021

Junior Eurovision 2021: Ұлттық іріктеудің 10 финалисті анықталды

150 рет
көрсетілді

«Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетуге жолдама алу құқығы үшін жарысқан 10 орындаушының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның төртінші мәрте қатысуы - «Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Ұлттық іріктеудің өтуіне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық, Мәдениет және спорт министрліктері қолдау білдірді. Жоба ADAM media group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жобаның jevision.khabar.kz ресми сайтында көрермендердің онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша финалистердің есімдері белгілі болды. Олар:

1. Амантай Айганым Айбекқызы2. Бекнұр Жәнібекұлы3. Асгатова Амина Бауржанкызы4. Саакян Армен Ервандович5. Хамзин Алинур Азаматович6. Табарина Екатерина Денисовна7. Маким Жан Алиұлы8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы9. Жұмабай Абілқайыр Досанұлы10. Суленова Адина Ерлановна

Junior Eurovision Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.