• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2021

Ауадан су жинайтын құрылғы жасады

709 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы мен физика пәнінің мұғалімі Лизавета Хамитова бірлесе жасаған Hydropanel жобасы авторлық құқыққа ие болды. Бұл қондырғы – Маңғыстау облысындағы ауызсу қажеттілігін жоюға көмекші құрал.

Ол ауа температурасының күрт өзгерісінен су жинайды және күн панельдері арқылы электр энергия­сын өндіреді.

– Біздің құрылғы­мыз қолжетімді жабдықтардан тұ­рады және күн энергия­сын суға булану про­цесі ар­қылы айналдырады. Ауа ыл­ғал­дылығы мен температура арт­­қан сайын құрылғы су­ды көп өн­діреді. Сынақ бары­сында құрылғымыздың суды жинай ала­тындығына көз жет­кіздік, – дей­­­­ді жоба же­тек­­шісі Лизавета Хами­това.

Оның айтуынша, қолдан жасал­ған құрылғы бір күнде жарты ста­қан суға дейін жинай алады.

– Әзірге тек құрылғы­ның ми­ни-прототипі жасалды. Егер оны нақты жүзеге асыратын болса, жобаның құны 2 млн теңгені құрайды және күніне 10 литр су жинау мүм­кіндігі болады, – дейді жас зерт­теуші Ерлан Тұралы.

Зерттеушілер жобаны екі жыл бойы жасақтап, толық­тырулар ен­гізген. Ал өткен айдың ба­сын­да жобаның ав­тор­лық құқы­ғын қорғау мақ­сатында өтінім біл­дірген.

– Болашақта бұл құрыл­ғы­ны үлкейтіп жасақтап, оны мектеп алаңына және қала көшелеріне қой­ғымыз келеді. Бұл көшеде шөл­деп келе жат­қан тұрғындарға өте үлкен кө­мек болар еді. Сол үшін де ав­торлық құқық куәлігін алдық. Алдағы уақытта жобамызды патентке де ұсынып көреміз, – дейді зияткер оқушы.