«Талибан» өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл олардың уақытша үкіметіне қысым көрсету үшін жасалып отырған шара. Олар мұндай әрекеттер қозғалыстың ауған халқына қызмет етуіне кедергі екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Тәліптер сондай-ақ өздерінің халықаралық міндеттерін орындағанын және өзге елдерге лаңкестік қауіп төндіріп тұрмағанын айтады. Сондықтан жаңа үкіметпен байланыста дипломатиялық жолмен әрекет етуге шақырды. Айта кетейік, тәліптер өткен тамыз айының ортасында Ауғанстандағы билікті басып ала салысымен барлық елдер ондағы елшіліктерін жапқан. Ал тәліптер билігін тану үшін ең алдымен адам құқықтарын сақтауды талап етілген еді.