Норвегияның оңтүстігіндегі Конгсберг қаласында садақпен қаруланған қылмыскер бес адамды өлтірді, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конгсберг полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эйвинд Аастың айтуынша, оқиға сәрсенбі күні кешке азық -түлік дүкендерінің бірінің жанында болған.
Зардап шеккендердің бірі - жұмыс уақытында дүкенге кірген полиция қызметкері. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы қалыпты екенін айтуда.
Қылмысқа барған адам шабуылдан жарты сағат өткен соң ұсталды.
«Теракт туралы айту әлі ерте, ұсталғаннан жауап алу жалғасуда», деді Конгсберг полиция департаментінің өкілі.
Норвегия Премьер-Министрі Эрна Солберг оқиғаны «сұмдық» деп атады. Үкімет басшысы қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тіледі.