• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2021

Өскеменде абақтының 6 қызметкері сотталды

304 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында түрме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматты азаптап өлтіріп, қылмысты жасыру үшін оны суицид жасағандай көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 6 қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігіне (сотталған адамды азаптап, абайсызда өлтіру) сәйкес іс қаралды. Сондай-ақ бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану арқылы пара алған А. есімді азамат сотталды.

«2019 жылдың 18 маусымында ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері алдын ала сөз байласып, жәбірленуші К.-ны ұрып-соққан. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ер адам сол жерде көз жұмды. Өз қылмыстарын жасыру үшін олар тағы екі сотталғанды мәжбүрлеп, мәйітті тәртіптік изолятор камерасына жеткізді. Полиция қызметкерлеріне К-ның өз-өзіне қол жұмсағандығын айтқан», делінген ақпаратта.

Ал А. есімді түрме қызметкерінің 2018 жылдың 14 маусымында сотталған адамның анасынан пара ретінде автокөліктің 76 000 теңгелік жазғы шиналарын алғаны анықталды.

Сондай-ақ ол сотталғанды өз туысының үйінде баспалдақ жасауға мәжбүрлеген.

«Сот үкімімен сотталғанды өлтірген түрменің 6 қызметкері 5, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал пара алған айыпталушы 7 жыл мерзімге темір торға қамауға алынды. Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығын 3 жылға жоғалтты», делінген хабарламада.