Франция Президенті Эммануэль Макрон Душанбенің Ауғанстанға қатысты ұстанымын құптады, деп хабарлайды Egemen.kz ASIA-Plus-ке сілтеме жасап.
«Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасы ұзын және бұл қазір үлкен алаңдаушылық туғызады», деді Макрон Тәжікстан Президентімен келіссөздер алдындағы баспасөз конференциясында.
Француз көшбасшысы Тәжікстанның аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш -жігерін, сондай-ақ Душанбенің «террористік топтарға қатысты ымыраға келуге» жол бермеу туралы ұстанымын атап өтті.