• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қазан, 2021

2022 жылы қанша демалыс күні бар?

9570 рет
көрсетілді

2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды. 

 2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар: 

қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн;

наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн;

мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн;

желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. 

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша, діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.