Өткен оқу жылында жапондық мектеп оқушылары арасында суицид саны ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғарыда айтылғандай, Жапонияда 2020-2021 оқу жылында 6 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар арасында 415 суицид тіркелді. Бұл ел бойынша 1974 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.
Өткен оқу жылында 317 мектеп оқушысы қайтыс болды.
«Өз-өзіне қол жұмсау санының артуы өте алаңдатады», деді Жапония Білім министрлігінің балалар және студенттермен жұмыс бөлімінің бастығы Егучи Аричика.
Жапониядағы балалар суицидінің негізгі себептері - отбасылық проблемалар, нашар баға, басқа балалармен қарым-қатынастың нашарлығы және аурулардың болуы.