• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2014

Барымташылардың жолын кесті

378 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Тараз шекара отрядының шекарашылары заңсыз жолмен шекарадан барлығы 22 бас жылқыны өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі. «Жасөркен» застава шекарашылары заңсыз жолмен жылқы айдап келе жатқан 2 адамды ұстады, оның бірі Қырғызстан азаматы болса, екіншісі өзіміздің отандасымыз болып шықты. Ұсталғандар 14 бас жылқыны көрші мемлекеттен біздің елге өткізбек болған. Бұдан бір күн кейін «Шөлдала» шекара зас­­тавасының шекарашылары шекараның бұзыл­­ғандығын және ондағы белгісіз іздерді анықтаған болатын. Іздестіру шараларын ұйым­дастыру нәти­жесінде әлгі іздер «Бектөбе» елді мекеніндегі бір үйге алып келді. Үй иесі заңсыз өткен жылқыларды «КамАЗ» жүк көлі­­гіне тиеп жатқан кезде қолға түсті. Ал 8 бас жылқы заставаға қамалды, олардың кейінгі тағдырын шешу үшін істі ҚР ҚК 209-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл аудан­­дық про­куратурасына беру көзделіп отыр. Аталған деректер бойынша Жамбыл облыстық құқық қорғау органдары мен Оңтүс­тік аумақтық әскери прокуратурасы хабарландырылды.
Соңғы жаңалықтар