• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қазан, 2021

Екібастұздың үш электр станциясында апат болды

642 рет
көрсетілді

Екібастұздың үш электр станциясында ірі энергоблоктардың апаттық ажыратылуы орын алды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«14 қазанда бірнеше сағат аралықпен Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2-де қуаты 500 МВт ірі энергия блоктары апатты түрде сөндірілді. Сондай-ақ, «ЕЭК» АҚ электр станциясында генерацияны 150 МВт төмендетумен қазандық апатты түрде тоқтатылды. Осылайша, жоғарыда аталған үш электр станциясында генерацияны авариялық төмендетудің жиынтық көлемі 1000 МВт-тан асты», деп жазады «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.

Компания атап өткендей, қуат тапшылығы жағдайында электр станцияларындағы осы апаттық ажыратулар Ресей энергожүйесімен шекарадағы қуаттың қолайсыз ауытқуларына, жүйелік апат қаупі бар мемлекетаралық электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі.

«Аварияны болдырмау және энергия жүйесіндегі генерацияны төмендету салдарын барынша азайту үшін «KEGOC» АҚ ҚР Энергетика министрлігінің келісімі бойынша өңірлік электр желілік компаниялармен бірлесіп жоспардан тыс тұтынуды жүзеге асыратын тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелер бойынша енгізілді», деді «KEGOC» АҚ баспасөз қызметі.