• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қазан, 2021

Дәрігерлердің орташа жалақысы жаңаша есептеледі

643 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелеріне өзгерістер енгізілетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгерімін негізге ала отырып есептеледі делінген.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының балансына сүйене отырып, жұмыс сағаттарының орташа жылдық санына көбейту арқылы есептеледі.

Орташа жалақыны есептеу кезінде ескерілмейтін төлемдерге мыналар жатады:

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі үшін өтемақы; Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы, сондай-ақ жұмыс беруші белгілейтін әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер; Еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы; Қызметтік іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге өтемақылар; Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда өтемақы төлемдері; Далалық жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге далалық жабдықталым; Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысқан немесе көшкен кезде өтемақы төлемі; Тараптардың келісімі негізінде жұмыс берушінің мүддесінде қызметкердің (жеке тұлғаның) жеке мүлкін пайдалану кезіндегі шығыстарды өтеу; Берілген сүттің немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерінің немесе диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға, арнайы киімге және басқа да жеке қорғаныш құралдарына арналған мамандандырылған өнімдердің құны; Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдер (жоғалтылған жалақысы бөлігіндегі төлемдерден басқа); Қызметкерлерге жұмыс беруші көрсететін материалдық көмек (ақшалай жәрдемақы) (бала туған кезде, медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін, жерлеуге және басқа да жағдайларда), сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде қосымша көзделген өтемақылар мен әлеуметтік кепілдіктерді төлеу; Біржолғы көтермелеу төлемдері (біржолғы ақшалай сыйақыны қоса алғанда); Жұмыс берушінің кінәсінен жалақы төлеу кешіктірілген кезде және міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін жұмыс беруші жұмыскерге төлейтін өсімпұлдар; Жұмыс берушінің қызметкерлерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты шығыстары; Спорттық байқауларда, конкурстарда және жарыстарда жүлделі орындар үшін берілетін ақшалай наградалар; Қызметкерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау орны бойынша төленген жалақы; Еңбек кодексінің 72-бабына сәйкес күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлу кезінде жұмыскерлерге жұмысы үшін өтемақы төлемдері; Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер уақытында сақталатын орташа жалақы; Бос тұрып қалған жағдайда қызметкерлерге төленген сомалар.

Түсіндірілгендей, жұмыс уақытының жиынтық есебі ауысымдық жұмыста, вахталық жұмыс әдісінде қолданылады. ҚР қолданыстағы Еңбек кодексінде ауысымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге олардың ауысымаралық, вахтааралық демалысына еңбек демалысын беруге тыйым салынбаған.

Құжат жобасы 28 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.