• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 15 Қазан, 2021

Мектептердегі эпиджағдай тұрақты ма?

196 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім ошақтарындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Одан 1,5 ай уақыт өтті. Көріп отырғандарыңыздай, елімізде індеттің таралуы бәсеңсіп келеді. Балалардың коронавирусқа шалдығуын шілде-тамыз айларымен салыстырсақ, қазір жағдай жақсарған, яғни вирустың тарауы айтарлықтай төмендеген. Еліміз бойынша балалар арасында коронавирустың таралуы 0,1 пайыздан аспай тұр», деді А.Аймағамбетов елордада өтіп жатқан ұлттық мектеп спорт лигасы барысында.

Оның айтуынша, мектептерде санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақталған.

«Кейбір сыныптар карантинге жіберіліп, қашықтан оқып жатыр. Ал кейбір сыныптар керісінше мектепке қайта оралып жатыр. Жалпы көрсеткіш 0,1 пайыздан аспайды. Яғни жағдай тұрақты. Ең бастысы – мектепте санитарлық талаптар қатаң сақталуда және карантин ережелерін ұстана отырып, білім беру өз деңгейінде жалғаса береді», деп толықтырды министр.