Қазгидромет сиоптиктері 16 қазан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін тигізеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды. Дегенмен еліміздің батыс және солтүстік-батысында циклонға байланысты жаңбыр жауады.
Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Алматы облысының Алакөл ауданында жел күшейеді, екпіні 22-27, кей кезде 30 м/с асады. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс және солтүстігінде тұман болады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.