• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қазан, 2021

Коронавирус жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

231 рет
көрсетілді

Елімізде 52 770 адам коронавирус инфекциясынан (–46 069 + және 6 701 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

16 қазандағы мәлімет бойынша, 52 770 адам коронавирус инфекциясынан (–46 069 + және 6 701 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 037 пациент стационарда, 43 733 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

636 адамның жағдайы ауыр, 186 пациенттің жағдайы өте ауыр, 123 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.