• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Келісімшарт та рөл ойнайды

349 рет
көрсетілді

Сөз жоқ, доллар бағамының өсуі бірінші кезекте жабдықтар мен шикізат импорттайтын кәсіпорындар мен өндірістің басқа да факторларына әсер етеді. Біздің кәсіпорында шетелде шығарылған көптеген жабдықтар бар. Бірақ олар ескі бағамен алынған. Бұдан шығатын қорытынды сол: кәсіпорында қазақстандық мазмұн неғұрлым көбірек болса долларға қатысты теңге бағамының төмендеуінен де сол кәсіпорын ұтысқа шығатын болады. Бүгінде біз орын алған жағдайды басшылыққа ала отырып, шетелдік әріптестерімізбен байланысудамыз және өзіміздің коммерциялық ұсыныстарымызды жаңарту үстіндеміз. Келісімшарттың қандай валютада жасалғаны да маңызды рөл ойнайды. Біздің кәсіпорындар көбіне-көп экспорттық келісімшарттарды сатып алушының валютасымен немесе доллармен жасайды. Ал егер келісімшарттар теңгемен жасалған болса, онда сіздің өнімдеріңіз долларда немесе басқа да валютада неғұрлым бәсекеге қабілетті бола түседі. Олег КРУГ, «Казэнергокабель» АҚ-тың бас директоры. АСТАНА.