• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қазан, 2021

ШҚО-да құтқарылған бірқазан пойызбен Алматыға жеткізілді

290 рет
көрсетілді

Қыстайтын жаққа ұшуға күші жетпеген қызғылт бірқазан балапанын пойызбен Алматыдағы хайуанаттар бағына әкелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқазанды Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылының тұрғындары тапқан. Олар полиция шақырған, тәртіп сақшылары құсты қаңғыбас иттерден қорғаған.

Кейін Шығыс Қазақстан облысының мейірімді тұрғындары құсты Алматыға әкелуге шешім шығарған.

Алматы хайуанаттар бағында балапан жұмыртқадан кеш шыққанын, қыстайтын жерге ұшуға күші жетпегенін хабарлады.

«Балапан бір ай ветеринария бөлімінде өзге құстардан оқшауланады. Оны бақылап, денсаулығын тексеріп, құстар ауруларына қарсы екпе салып, түрлі зиянкестерді жояды. Содан кейін Фимка, Халифа сияқты тұқымдастарына қосылып, бірқазандар үйіне ауыстырылады», деді хайуанаттар бағында.