• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2021

Өрт сөндіру бекеті ашылды

528 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Ақкөл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол өз жұмысын «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ базасында жүзеге асыратын болады. Айта кету керек, бұл Ақкөл ауданында жұ­мыс істейтін үшінші өрт сөндіру бекеті.

Өрт сөндіру бекеті шамамен 1067 адам тұратын Азат ауылын және жақын орналасқан  ауылдық округтерін де өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуі тәулік бойы және жыл бойы жү­зеге асырылатын болады, онда қызметті ауысым бойын­ша 6 адам атқаратын болады. Дайындық іс-шаралары кезеңінде Ақкөл қаласы 26-ӨСБ жеке құрамы Ақкөл ауданының ТЖБ қолдауымен аудан әкімдігімен өзара іс-қимыл жасау үшін жергілікті атқарушы органдардың балансына берілген өрт сөндіру автомашина­сына жөндеу жүргізілді, әкімдік өрт сөндірушілер үшін 590 мың теңге сомасына өрт-техникалық қару-жарақ пен жауынгерлік киім және жарақ сатып алды.

Өрт сөндіру бекеті «Алтын Жер Астана 2020»  ШҚ базасында орналасқан және бекет­тің жеке құрамына жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Тәуліктік жауынгерлік кезек­шілікке ауыл тұрғындары қатарынан бекеттің жеке құрамы кірісті. Жеке құраммен Ақкөл қаласының 26-ӨСБ базасында оқыту жүргізілген. Жаңадан құрылған команда тек өрттерге ғана емес, сондай-ақ олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді және елді мекендердің тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар аудан әкімі елді мекендер мен дала алқаптарын өрттен қорғауға көп көңіл бөледі. Бұл бекеттің жұмысы «Алтын Жер Астана 2020» ШҚ директоры М.Н.Толеу­бековтің атынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қолға алынды.

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз.