Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.