• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2021

Шымкентте бөтен адамның атынан онлайн несие алған алаяқ ұсталды

212 рет
көрсетілді

Шымкентте бөтеннің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық басқармасына 15 қазан күні қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға мобильді қосымшасы арқылы өзінің рұқсатынсыз 1 900 000 теңге онлайн несие рәсімдегенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.