• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Көлікті бақылау күн тәртібінде

353 рет
көрсетілді

Таяуда Астанада Көлікті бақылау күні өтті. Оны «KAZLOGISTICS» көлік одағы мен Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті ұйымдастырды. Шара барысында бизнес құрылымға, автомобиль саласындағы қауымдастықтар мен мекемелерге арналған дөң­гелек үстел отырысы өткі­зіл­ді. Сондай-ақ, «Ахуал орта­лы­ғының»  тұсаукесер рәсімі болды. Оған Көлік және коммуникациялар вице-министрі А. Бектұров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ,  ҰКП, ҚазАТО қауым­дас­тығы, автокөлік саласы мен басқа да мекемелердің өкіл­дері қатысты. Онда Көліктік бақылау комитетінің 2014 жыл­ға жасалған жоспарлары мен саланың өзекті мәселелері талқыланды. Отырыста  логистикалық ахуалды жақсарту тұрғысын­дағы физикалық кедергілерді болдырмаудың бірлескен жо­ба­сы және көліктік бақы­лау­дың стационарлық бекет­те­ріне мониторингтік бақылау орнату жайы қарал­ды.  Мұнымен бірге, автоматтандырылған арнайы өлшем құралының жүйесі, автомобиль көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдауды мониторингтік бақылау мен кіші бақылау желісі, көліктік мониторингтік бақылаудың GPS жылжымалы бекеті, «Техникалық бақылау» бір­ың­­ғай ақпараттық жүйесі, жол техникасы жұмысына мо­ниторинг жасаудың, А-1 трассасындағы «Астана – Көк­шетау» ақпараттық ауа райын бақылаудың, сон­дай-ақ, Кеден одағы сыртқы шекаралық жүйесін бұзғандығы туралы автокө­лік құралдары иелерін құлақтандыру желісінің жұ­мысы сарапталды. Халықаралық жолдарда автокөлікпен жүк немесе жолаушы тасымалдауда  шетелдердің рұқсат ету ережесін сақтау керек. Осы мақсатта Көліктік бақылау комитеті көліктік бақылау орнатудың тиімді тұстарын ұсынды. Мәселен, автоматтандырылған арнайы өлшем құралы, сондай-ақ, көліктік бақылаудың стационарлық бекеттерін кезең-кезеңімен азайту, ха­лықаралық автокөлік та­сы­малындағы рұқсат ету жү­йе­сінің ережесіне өзге­рістер мен толықтырулар енгізу, ба­қылауды күшейту, еліміздің шекаралық қызметі мен кеден органдарының шетел­дік автокөліктерінің жүрісін қадағалаудағы ақпарат алмасуы сарапшы мамандардың талқысына түсті. Қазақстанда трансқұр­лықтық бағыттарда мульти­модальдық тасымалдаудың көлемі артып келеді. Осыған байланысты өзара іскерлік ықпалдастықты дамыту көз­де­ліп отыр. Нәтижесінде Көліктік бақылау комитеті мен «KAZLOGISTICS» кө­лік одағы арасында мемо­рандумға қол қойылады. Қайсар ЖҮСІП.