• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қазан, 2021

Елордада ақылы көлік тұрақтары ашылады

177 рет
көрсетілді

Елорданың бірқатар көшесінде ақылы көлік тұрақтарын ашу жоспарланған. Бұл жайында «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС-нің басшысы Шыңғыс Досыбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 10 мың ақылы тұрақты ашуды жоспарлаған едік. Бүгінде оның 487-сі Нұржол желек жолында ашуға дайын тұр. Мұнан бөлек, Сарыарқа ауданының Бөгенбай батыр, Республика даңғылдарында, жағалау мен Сарыарұа даңғылында да қосымша орындар іске қосуға дайын», деді ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, Алматы ауданында ақылы тұрақтар Тәуелсіздік даңғылында, Мұңайтасов, Жұмабаев, Момышұлы көшелерінде ашылады.

«Ал Байқоңыр ауданында «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» базарлары ауданында ғана ашуға дайынбыз. Сол жағалауда Сығанақ, Сарайшық, Мәңгілік ел, Тұран көшелерін қарастырып отырмыз.

Жалпы, аталған аудандардағы жаңа ақылы тұрақ орындары – 5 мың. Нұржол жиек жолында жұмыс істеп тұрған 500 орынды қоссақ, ақылы тұрақтардың саны 5 500-ге жетеді», деді Шыңғыс Досыбаев.