• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2021

Қазақстанда ет бағасы өседі – АШМ

646 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Қазақстанда келесі жылдың көктемінде ет бағасының өсуі мүмкін бе?» деген сұраққа  жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деген болжам жасаймыз. Өсім шамалы болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды», деді министр ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан өз өндірісіндегі сиыр етімен 97%, қой етімен 100%, жылқы етімен 97,5% қамтамасыз етілген.

«Ішкі нарықтағы етке деген сұраныс толығымен отандық өндіріс есебінен өтеледі. Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз», деді Қарашөкеев.