• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Жұмыссыздар саны 27 пайызға азайды

287 рет
көрсетілді

Семейде «Әлеуметтік жұмыс орны» кіші бағдарламасы жақсы жұмыс істеп тұр. Қаланы дамыту бағдарламасы аясында өт­кен жылы 2739 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыспен қамту бөлімі жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда. Осы кәсіптік оқытуға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 353 адам арнайы жіберіліпті. Сол сияқты «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша диплом алып шыққан жас мамандар тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Осы бағдарлама шеңберінде 235 түлекке қаланың және ауылдық округтердің 95 кәсіпорындарына жолдама берілді», дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі еңбек нарығы секторының меңгерушісі Рима Құсаева. Ал ақылы қоғамдық жұмыстар қала және ауылдық жерлерде жүзеге асырылған. Дәл осындай жүйелі жұмыстар123 кәсіпорын мен ұйымдарда ұйымдастырылды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.