• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2021

Данияр Елеусінов елордада екі титул үшін жұдырықтасатын болды

385 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) менеджері Зия Алиев промоутерлік лицензия иеленіп, Нұр-Сұлтандағы бокс кешін өткізе алатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарланған, бұл шоуда Данияр екі титул үшін жұдырықтасады.

«Бұл – промоутерлік лицензия. Оны Нұр-Сұлтанда үлкен шоу жасау үшін алдым. Тағы не керек? Әкімдік рұқсат берді, бокс федерациясы санкция шығарады. Болды. Жақсы кард жинап, бокс кешін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнамақпыз», деп жазды Алиев әлеуметтік желіде.

Соңғы жаңалықтар