• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

20 мың шаршы метр баспана

501 рет
көрсетілді

Бұл туралы Көкшетау қала­сының әкімі Жарқын Жұмағұлов журналис­термен өткен брифингте мәлімдеді. Соңғы жылдары шын мә­ніндегі құрылыс алаңына айналған Көк­шетаудың келбеті, осымен біргелікте тұрғындардың көңіл күйі де шырайланып қалғандай. Мәселен, 2013 жылы 15 көпқабатты үй салынса, жас отбасыларға 5 мың шаршыметрлік жайлы пәтерлер бөлінді. Оның үстіне, жалдап тұру әдісімен 3 мың шаршы метрге жуық жаңа пәтер пайдалануға берілді. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі серпінді қимыл танытқанын айта кету керек. Жаңа бастама иелері 12 мың шаршыметрлік заманалық тұрғын үйлерді қатарға қосып, көк­шеліктер ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, Көкшетауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту ісі жандана түсуде. Олай деуімізге жыл ішінде 19 көпқабатты үйдің сән-салтанаты ашыла түскені негіз болады. Бұл мақсатқа облыс қазынасынан  400 миллион теңге қаржы жұмсалып, толық игерілген. Қала тұрғындары арасында мемлекеттік бағдарлама ұстанымдарын кеңінен түсіндіру, ақпараттық жұмыстардың ауқы­мын кеңейту жұртшылық арасында қозғалыс тудырып отыр. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». КӨКШЕТАУ.