• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Франциядан 350 автобус әкелінеді

302 рет
көрсетілді

Жақында Астана қаласының әкімдігінде француздық «IVEKO BUS» компаниясының табиғи газбен жүретін 350 автобусын алу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Бұл шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Француз Республикасының Қазақстандағы елшісі Франсис Етъен қатысты. Келісімге сәйкес Франция компаниясы 2014 жылғы 1 тамызға дейін Астана қаласына 200 жаңа автобус жеткізеді. Қалған 150 автобус ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейін әкелінетін болады. Бұл инвестициялық жобаны іс жүзіне асыру үшін «Астана ЛРТ» ЖШС CAFAS компаниясының сақтандыру кепілдігімен Гер­манияның «CommerzBank» атты банкінен тиісті несие алды. Бұл ин­вестициялық жобаның жалпы көлемі 91 миллион еуроны құ­райды. Сатып алынған жаңа автобус­тар Астана қаласында 2014 жыл­дың шілдесінде пайдалануға бе­рілетін коммуналдық автобус паркінің қарамағына берілетін болады. Қазіргі уақытта 8,48 гек­тар жер телімінде осы бола­шақ автобус паркінің құры­лысы қызу жүргізілуде. Фран­ция­дан әкелінетін IVECO автобус­тарының едендері төмен, пандус­тер орнатылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаты­науы­на өте қолайлы. Сонымен бір­­ге, жаңа автобустардың ішінде мү­гедек арбалары орналастырылатын орындар бар. Мұндай қолайлы автобустар Францияның қалаларында көптеп қолданылады.  Астанаға әкелінетін француздық IVECO автобустарының 270-інің ұзындығы 12 метр болса, 80-інің ұзындығы 18 метрге тең. Елорданың көлік қатынасы үшін өте тиімді бұл инвестициялық жобаға Қазақстан тарапынан «Астана ЛРТ» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ардан және  «IVEKO BUS» компаниясының президенті Пьер Лаут қол қойды. Қазіргі күні Астана қаласында құрамында 890 көлік бірлігін құрайтын 8 көлік компаниясы жұмыс істейді. Жалпы, қаламызда 2444 шақырымға созылған 49 автобус бағыты бар. Бір тәулік ішінде осы көліктермен 669 мың жолаушы тасымалданады. Со­лай бола тұрса да, елордада қо­ғамдық көлік жетімсіздігі 357 бір­лікті құрайды. Аталмыш  инвес­ти­циялық жобаның жүзеге асыры­луы нәтижесінде Астана қала­сын­дағы қоғамдық көлік қозға­лысы жақсарып, тұрғындарға қыз­мет көрсету сапасы артатын болады. Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ. АСТАНА.