ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!» делінген хабарламада.