Анталияда Қырғызстан бас консулдық ашады. Тиісті жарлыққа Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Қырғызстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шешім Қырғыз Республикасының Түркия Республикасы аймақтарымен жан-жақты байланысын жандандыру және дамыту, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты, сондай-ақ Қырғызстан азаматтарына консулдық қызметтерді кеңейту мақсатында қабылданды.