• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2014

Метан газы игерілетін болды

310 рет
көрсетілді

Бұған дейін де жазып жүрге­німіздей, шахталар көмір қабат­тарындағы метан газын игілікке жарату қарағандылық кенші ғалымдар мен мамандарды көптен ойлантып-толғантушы өзекті мәселе болып келеді. Болжам бойынша отын кені өндірілетін тұстарда оның жалпы қоры 1 триллион текше метрден асады екен.  Бұл былайша айтқанда, Қарағанды тұнып тұрған тағы бір байлық көзін бауырына басып жатыр деген сөз. Әлемнің  20 еліндегідей  кәдеге асырылуы жолға толық қойылса, өңір экономикасына тигізер ықпалы ұшан-теңіз болмақтығы талассыз. Кейінгі он жылда өріс алған метан газын барлау, оны алу жұмыстары нәтижесін бере бастап отыр. Бұдан үш жыл бұрын Ленин атындағы шахтада метан арқылы электр қуатын өндіру жобасы іске қосылды. Соның арқасында кәсіпорын өзін-өзі  энергиямен 15-20 пайызға қамтамасыз ете  алатын болды. Осылайша, қолда барды ұқсата білу басқа да шахталар қызығушылығын тудырды. Есептеулерге қарағанда қоры 28 млрд. текше метрді құрайтын Талдықұдық пен Саран көмірлі бөліктерінде игерілуі күннен-күнге өсуде. Елбасының метан газын өндіру жөнінде Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес геологиялық барлау мен зерттеу іс-шаралары кеңінен жүргізіліп жатыр. Жақында Шерубай-Нұра, Қаражар-Шақан учаскесінде де осынау байлық  көзін өндірістік мақсатқа пайдалануға  жол  салынды. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.