Елбасы алдымызға барлау кен орындарын дамытуға байланысты нақты міндеттер қойды. Олардың көбісінің басым міндеттемелері теңгеге қатысты. Тиісінше теңге бағамының өзгеруі жер қойнауын пайдаланушылар міндеттерінің азаюына және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық қызығушылығын арттыра түсуге мүмкіндік бермек. Ал бұл өз кезегінде тікелей шетел инвестициясының артуына және өндірістің өсуіне әсерін тигізбек. Қазақстандық үлестің өзіндік құнының дамуын ескерсек, қазақ тауарлары мен қызметтердің үлесі әлдеқайда өсіп, тиісінше теңге бағамының өзгеруі олардың құнын азайтты, яғни өндірудің өзіндік құнын азайтып, табыстылықты арттырмақ. Сондай-ақ, бұл қазақстандық үлестің дамуына одан әрі серпін бермек.
Жарас АХМЕТОВ,
«Ақтау Транзит» ЖШС директоры.