Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов АҚШ Үкіметінің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті.
Екі жақ мемлекеттік қызмет саласындағы екі-жақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынды дамуын белгіледі. Ә.Байменов агенттік пен АҚШ персоналын басқару бойынша Федералды кеңесінің арасында Өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру қадамдарының басталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласында және Астанада мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың шеңберінде жан-жақты ынтымақтастық жақсаратын болады.
Ә.Байменов пен Дж. Ордвей одан арғы ынтымақтастық жайын да талқылады.
«Егемен-ақпарат».