• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Қазан, 2021

Қазақстан жиһаз өнімдері экспортын арттырды

285 рет
көрсетілді

2021 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстан 3 650,2 мың көлемінде жиһаз өнімдерін экспорттады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Сала экспортының тауар­лық құрылымында негізгі көлем пластмассадан жасалған жиһазға (экспорттың жалпы көлемі­нің 35,9%), өзге де металл жиһазға (12,0%) және өзге де ағаш жиһазға (10,4%) келеді.

Жиһаз өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары – Өзбекстан (1 193 мың доллар), Ресей (862,2 мың доллар), Қырғызстан (706,4 мың доллар), Армения (271,2 мың доллар) және Тәжікстан (173,2 мың доллар).

Айта кету керек, биыл Өзбек­станға жиһаз өнімдерін экс­порттау көлемі 9 есеге артты, бұл бірінші кезекте ел эконо­ми­­ка­сының қарқынды өсуіне және коронавирус пандемиясы­мен күрес бойынша шектеу шараларының төмендеуіне байланысты.