• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қазан, 2021

Елордаға қосымша 2300 тонна сұйытылған газ бөлінді

232 рет
көрсетілді

Осы айда Нұр-Сұлтан қаласының шамамен 10 көппәтерлі тұрғын үй кешеніне ыстық сумен жабдықтау және жылу беру қызметтерін көрсетуде іркіліс болды, деп жазады Egemen.kz.

Негізгі себептердің бірі – сұйытылған газды елордаға уақтылы жеткізбеу деп атады ҚР Энергетика министрлігі.

ҚР Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органмен, сондай-ақ өндіруші зауыттармен және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, жылу беру маусымының ерте басталуына байланысты елорда үшін газды басымдықпен жөнелту мүмкіндігін пысықтады.

Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС-мен қалаға қосымша 2300 тонна газ бөлу туралы келіссөздер жүргізілді. Бірінші кезекте отын газ тарату қондырғылары мен қазандықтарға, содан кейін ғана автожанармай құю станцияларына жеткізілетін болады. Соңғы екі жылда көгілдір отынға ауыстырылған автомобильдер саны артқанын атап өткен маңызды (2019 жылғы 139 мың бірліктен 2021 жылы 313 мың автомобильге дейін).

Айта кетейік, жағдайға «Теңізшевройл» ЖШС (01.08 - 18.09.2021ж. аралығында), сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (қыркүйек) және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (қазан) зауыттарында күрделі жөндеу жүргізу әсер етті, соның салдарынан Қазақстанда сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 25%-ға төмендеді. Жақын күндері зауыттар өндірістік қуатына шығып және жақын арада сұйытылған газ өңірлерге келіп түсіп, халық арасында бөлшек сауда үшін қолжетімді болады.

Ішкі нарыққа беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.