Бүгін, Таиланд билігі екі ай бойы оппозиция өкілдерінің қоршауында болған Бангкок орталығындағы Үкімет үйін өз бақылауына алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Бұдан бұрын Таиланд ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Парадорн Паттанатабут мәлімдегендей, билік Үкімет үйімен қатар тағы төрт нысанды өз бақылауына алуды жоспарлап отыр. Оның ішінде ішкі істер министрлігі орталық аппаратының ғимараты да бар.Үкімет үйін босату шарасы барысында ереуілшілер тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетпеген.«Үкімет үйінің қызметкерлері 17 ақпаннан бастап жұмысқа шығады», – деп мәлімдеді еңбек министрі Чалерм Юбамрунг.
Таиландтағы жаппай наразылық акциялары өткен жылдың қараша айында басталған еді. Желтоқсанда ереуілшілер парламенттің таратылуы мен премьер-министр кабинетінің отставкаға кетуіне қол жеткізді. Алайда, 2 ақпанда өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша, бұрынғы премьер Йинглак Чинаваттың партиясы жеңіске жетті.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ria.ru.
Фото: Ria.ru.