Парламент Сенатының жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Сенаттан Есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Нұрланұлы Рахимовтың кандидатурасын ұсынамын. Ұсынылған кандидатура Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің отырысында алдын ала талқыланды», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Палата депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.