• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қазан, 2021

Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының негізгі мақсатын айтты

369 рет
көрсетілді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі мақсатын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өздеріңізге мәлім, биыл 13 қазанда Мемлекет басшысы Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды.

Соның ішінде, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру», деді А. Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамаларын жан-жақты қолдау ескеріленін айтты.

«Сөз жоқ, мазмұны жағынан бұл мәні терең, ауқымы өте кең жоба. Бұл – қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың мәдени болмысы, тарихы мен тамыры. Сондықтан, әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде оны сақтап қалу, ұрпақ бойына сіңірудің маңызы зор. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бойына «ұлттық код» ұғымын қаншалықты терең сіңірсек – ол біздің ертеңгі ұлт болып қалуымыздың кепілі. Міне, осы мәселелерді шешу үшін жобаны үш негізгі бағытта іске асыру көзделіп отыр», деді министр.