• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2014

Сапарлар мақсаты – түсіндіру

261 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапармен болды. Сапар барысында сенатор Арыс қаласы мен Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарындағы экономика, әлеуметтік және мәдени салалардағы ахуалмен танысты. Қ.Айтаханов ауыл тұрғындарымен, мәслихат депутаттарымен, аудан ардагерлерімен кездесіп, Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында белгіленген міндеттерді жан-жақты түсіндірді.   Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тарихи маңызы жайлы сенатор Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарына сапары кезінде халыққа түсіндірді. – Біз тәуелсіз еліміздің ХХІ ғасырдағы басты міндеттері мен бағыт-бағдарын айқындап алдық. Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне шықты, – деді сенатор өз сөзінде. – Елбасы Қазақстанның 2050 жылы әлемнің аса дамыған 30 елінің қатарына ену міндетін қоя отырып, осы биік межеге қол жеткізудің нақты қадамдарын айқындап берді. Елімізде жүргізіле бастаған индустрияландыру бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру, ел бірлігін сақтау, білім мен ғылымды дамыту сияқты келелі міндеттер біздің табысқа жетуіміздің басты кепілі. Жергілікті халық Елбасының Мәңгілік ел болу жайлы айтқан аталы сөзінен үлкен әсер алғандығын және бұл біздің халқымыздың ұлы мұраты болуға тиісті екендігін көтеріңкі көңіл күймен жеткізді.   Парламент Сенатының депутаттары Лаззат Тұрлашов пен Нұрлан Сүлейменов Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында жұртшылықпен кездесулер өткізді. Сенаторлар Талдықорған қала­сының әкімі Ермек Алпысовтың кезекті есеп беру жиынына қатысты. Шараға «АСПМК-519» холдингінің өнеркәсіп ұжым­дарының өкілдері, сондай-ақ, индустриялық аймақтың ең­бек­ші­ле­рі қатысты.   Парламент Сенатының депутаттары Жұмабек Төрегелдинов пен Людмила Полторабатько Алматы қаласындағы Түрксіб және Бостандық аудандарының тұрғындарымен кездесті. Жиналғандар Қазақстан Пре­зи­дентінің «Қазақстан жолы –­ 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауының ережелерін жан-жақты талқылағаннан кейін Парламенттің заң шығару қызметі туралы пікір алмасылды. Президент Жолдауының негізгі ережелері жылы шырайда өткен кездесулерде қатысушылар тарапынан қызу қолдау тапты. Сонымен бірге, Ж.Төрегел­ди­нов пен Л.Полторабатько Алматы қалалық сотының төрағасымен де кездесіп, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу және сот заңнамасын жетілдіру мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.   Парламент Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партия­сы фракциясының мүшесі Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының Аршалы ауданында тұрғындармен кездесті. Халық қалаулысы елдегілерге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты халыққа Жолдауы бойынша баяндама жасап, түсін­діру жұмыстарын жүргізді. Депутат аудан орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойын­ша қабылдады.   Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мен Rominserv SRL ком­паниясы бірлесіп өткізген «Павлодар мұнай-химия зауытын­ жаңғырту»  жобасын жүзеге асыру кезіндегі қазақстандық үлес» тақырыбындағы отырысқа қатысты. Депутат Президент Н.Ә.На­зар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауында көрсетілген мемлекет пен қоғам дамуының негізгі басым бағыттары жөнінде сөз сөйледі. Сол күні халық қалау­лысы «ПМХЗ» ЖШС жұмыс­керлерімен кездесіп, оларға Елбасы Жолдауы­ның негізгі қағидаттарын түсін­дірді және зауыттағы дуалды бі­лім беру жүйесімен танысты.   Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Ізбақ Өмірзақов, Глеб Щегельский, Асхат Бекенов және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юрий Тимощенко Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесіп, Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндірді. Мемлекет жұмысының негіз­гі буыны – қазақстандық биз­неске, ең алдымен, шағын және орта бизнеске қолайлы жағ­дай жасау болып табылады. Алдағы 10-15 жылда ғылыми-эко­но­ми­калық базисті құру қажет, онсыз дамыған елдер қатарына кіру қиын. Инфрақұрылымдық триа­даның (агломерация, көлік, энер­гетика) серпінді дамуын қам­та­масыз ету қажет, деді кездесулер кезінде депутаттар.   Парламент Мәжілісінің депутаттары Ромин Мәдинов пен Абай Тасболатов Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласындағы   жаңадан ашылған «Зенченко және К» сүт зауытының басшылығымен және инженер-техник қызметкерлерімен кездесті. Онда мәжілісмендер Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жан-жақты түсіндірді. Өз жұмыстарынан хабардар еткен зауыт жұмысшылары өз салаларына қатысы бар отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша заңнамаларды жетілдіруге атсалысуларын сұрады.   Парламент Мәжілісінің депутаты – «Нұр Отан» партия­сы фрак­циясының мүшесі Қожахан Жабағиев Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын өңір­лерде насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында жүр. Мәжілісмен Сайрам ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.   Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП-ның Мәжілістегі фракциясының мүшесі Меруерт Қазбекова Ақмола облысының Зеренді ауылында болды. Онда ол Елбасының «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Әйелдердің экономикалық ілгерілеуі – бәсекеге қабілетті әлемге жол!» деген тақырыпта өт­кен дөңгелек үстелге қатысты. Аталған іс-шара Зеренді ауда­нындағы әйелдердің  эконо­ми­калық белсенділігін қаржылық құралдарды және жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту арқылы арттыруға көмектеседі, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар