«Леопард» профилактикалық іс-шаралар жүргізу операциясы шеңберінде, «Сыпатай батыр» кеден бекетінің КҚКБ қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша КБД КҚКБ қызметкерлері бірлесе отырып, «Шаганэ» лақап атты қызметтік іздестіру итін қолдану арқылы Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына бағыт алған Қазақстан азаматы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Андас батыр ауылының тұрғыны 33 жастағы А.С.-ті тексеру барысында күртешесінің оң жақ қалтасындағы әмиянының ішінен жалпы салмағы 3,700 грамм құрайтын «гашиш» есірткі затын тауып алды.
Қазақстандыққа қатысты ҚР ҚК-нің 250-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда анықтау жүргізілуде.
«Егемен-ақпарат».