• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Қазан, 2021

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

288 рет
көрсетілді

Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау облыстары антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, күндіз Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтстігінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауыл тұрады.