Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 21 қазандағы санында Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэти Личтан алған Абай Асанкелдіұлының сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елші екі ел арасындағы ынтымақтастық пен экономикалық қарым-қатынастарға қысқаша тоқтала отырып, Қазақстанға және қазақ тіліне қатысты да пікірін білдірді. Сондай-ақ Қазақстанға баратынын естіген сәтте қандай әсерде болғанын да айтып берген.
«Біз Қазақстанға келерде 18 айға жуық оқшаулану мен шектеулерден өттік. Ешқайда шықпай, Хартфордшир округіндегі үйімізде тұрдық. Сондықтан кенеттен ерекше заманауи қалаға көшу – біз үшін өте керемет жаңалық болды. Біз əлі де саяхаттай алмаймыз, бірақ мен оларға Қазақстанды толық аралатып шыққым келеді», деді Кэти Лич.